42 500: табысынан айрылғандар төлемді үйден шықпай қалай ала алады?

telegram vnesen v reestr ili pobeda durova nad roskomnadzorom COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Telegram бот көмекке келеді.

Яғни, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, EgovKzBot2.0 іздеп табу керек;

2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды;

3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.

4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);

5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;

6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;

7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі.
Төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізілетін болады.

Telegram-бот ағымдағы жылғы 2 сәуірден бастап жұмыс істей бастайды.

http://atr.kz/bez-rubriki/bireui-medbike-atyrauda-virus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an-so%d2%a3%d2%93y-eki-nau%d2%9basty%d2%a3-kimder-ekeni-belgili-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз