Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт ықшам аудан жарықсыз қалды

Атырауда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты Самал, Нұрсая ықшам аудандары және Геолог, Көктем мөлтек аудандарының кейбір көшелерінде 500 жуық тұтынушыға жарық берілмей жатыр.

«Атырау Жарық» АҚ-ның қалалық электр жүйелерінің бас инженері Мендалиев Тілеужанның мәлімдеуінше, күні бүгінде 15 топ бригада жеделді түрде жұмыс жасауда. Бүгін сағат кешкі 17:00 -ге дейін айтылған 500 ге жуық тұтынушыға жарық беріледі.

Сондай-ақ, 7 ақпан күні Алмалы, Еркінқала, Томарлы елді-мекендерімен Жерұйық, Нұрсая, Жұмыскер мөлтек аудандарында жарық өшуі орын алды. Қазіргі уақытта аталған аудандарда толық жарық берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button