Атырауда екі қайық соқтығысып, 9 адам зардап шекті

4545454 Жаңалықтар

Атырауда Жайық өзенінде екі қайық бір-біріне соғылып, апат салдарынан тоғыз адам ауруханаға түсті.

Атырау облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Атыраудағы Жайық өзенінде серуендеуге арналған екі қайық соқтығысты. Бір қайықта 10 адам, екіншісінде 25 адам болған.

«Түрлі дене жарақатын алған тоғыз адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі («Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз