201206211606411a3726910i

10 желтоқсаннан бастап Түркияға әуе рейсі қысқарып, Өзбекстанға ұшақ қатынасы жанданады

Жаңалықтар COVID-19: Соңғы поштадан...
9 / 100

Қазақстан Түркияға әуе рейсін екі есе қысқартып, Өзбекстанмен әуе қатынасын жандандырады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 30 қарашадағы шешімі осындай болып отыр. Шешімге сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан және Түркия арасындағы екі елдің әуе компаниялары орындайтын рейстер саны аптасына 20-дан 10 рейске дейін қысқартылады.

Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Қазақстан және Түркия әуе компанияларының рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы әуе компанияларының анықтама қызметтерінен немесе билеттерді сатып алған орындардан нақтылау керек.

Сонымен қатар, 10 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан мен Ташкент арасында әуе рейстері қайта жанданатынын хабарлайды.

«Екі мемлекеттің арасында аптасына екі рет ұшақ ұшады. Рейстерді «Эйр Астана» (бейсенбі сайын) мен Uzbekistan Airways (сейсенбі сайын) әуе компаниялары орындайды» делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

«coronavirus2020.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған