Жарнама
Жаңалықтар

Құтқарушылар жоғалған адамдарды іздеуде

Атырау облысында жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, құтқарушылар Жылыой ауданы Құлсары қаласы Шоқпартоғай ауылының 1991 жылы туған тұрғынын іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Туыстарының айтуынша, жоғалған адам 23 мамырда сағат 19:30 шамасында үйінен Жем өзеніне жеке қайығымен балық аулауға шығып, осы уақытқа дейін қайта оралмаған.

Осыған ұқсас жағдай Махамбет ауданында да орын алды. Ақжайық ауылының тұрғыны 1998 жылы туған азамат 28 мамырда «Манаш» шаруа қожалығы бағытында мал жаюға шығып, кері келмеген. Төтеншеліктер тарапынан қажетті іздеу жұмыстары атқарылуда. Сала қызметкерлері осы жағдайларға байланысты тұрғындарға су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button