«Құтты болсын Жаңа жыл!»

20c4514d d4cd 4a69 965d d2b5ba1f3435 Жаңалықтар

Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов облыстық арнайы мектеп-интернатта өткен жаңа жылдық шырша тойына қатысып, балаларды мерекемен құттықтады. 

9b53c443 eba2 418a 848f 0b7ace3c7a52

«Құтты болсын Жаңа жыл!» атты мерекелік кеште облыс әкімі әр балаға тәтті үлестіріп, мекемеге интерактивті тақта тарту етті.

–Құрметті балақайлар! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл күні тілеген тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын! – деді С.Шәпкенов.

d4772f24 7cbd 4e07 ae17 841649dde410

Шара барысында Серік Шәпкенов ғимараттағы оқу кабинеттерін аралап, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, білім алушы шәкірттермен пікір алмасты.

f5c454ce c49a 424d a3fa bb03033ba27e

Айта кетелік, 1961 жылы салынған облыстық арнайы мектеп-интернатта есту және көру қабілеті зақымдалған, психикалық дамуы тежелген 144 бала білім алады. Олармен 3 логопед, 3 тифлопедагог, 3 сурдопедагог, 1 психолог және 56 мұғалім жұмыс істейді.

Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз