Жаңалықтар
Атырауда айыппұл төлеуден жалтарған 500-ге жуық көлік арнаулы тұраққа қойылды
Атырарауда «Борышкер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылармен және салық комитеттерімен бірлесіп атқарған жұмыс барысында 500-ге жуық автокөлік айыппұлдарын төлемей жүргендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылып, ал 700-ге жуық көлік құралдарынан 30 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлдары өндіріліп алынды.
— Осы ретте, жүргізушілерге жолда жүру ережесі қағидасы бойынша құқық бұзушылық жасағаннан кейін 7 күн ішінде айыппұлдың 50% -ын төлеуге болатыны жөнінде ескертеміз, — деді Атырау қаласының патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Дәурен Насиполла.