Табысты бол, Тауық жылы!

басты жаналыкка Жаңалықтар

Армысыздар, ардақты

атыраулық ағайын!

Біз сіздермен бірге мейірімді Мешін жылымен қош айтысып, тұғырлы Тәуелсіздіктің 25 жылын тарихқа таңбалағалы тұрмыз. Осынау ширек ғасырлық мерзімде мызғымас мемлекет құрып, жасампаз «Мәңгілік елдің» еңсесін түзедік.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d0%ba%d0%b0

Қасиетті қазақ жерінде жүздеген ұлттың  достығы мен ынтымақ үлгісін қалыптастырдық. Салт-дәстүр жаңарып, әдет-ғұрыптар өркениет көшімен қанат жаюда.

Бұл – сарабдал саясаткер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сенім арт-қан барша қазақстандықтардың ортақ жеңісі, ерен еңбектеріңіздің жемісі.

1991-інші жылы облыс халқының саны 450 мыңға жетпейтін болса, ширек ғасырда 600 мыңға таяп отыр. Яғни, тұралаған тоқсаныншы жылдарда тәй-тәй басқан еліміздің экономикасы өркен жайғанын,  саяси тұрақтылықтың салтанат құрғанын көз көріп, көңіл қуанатын күнге жеттік. Қуатты Қазақстандағы динамикалық даму  демографиялық өсімге жарқын жол ашып отыр.

Ұлы даламыздың экономикалық өсуі мен мәдени-тұрмысының өркендеуіне Атырау облысының қосып отырған үлесі қомақты.

Біз сіздермен бірге тек еңбек етіп қана қоймай, жаңа ғасырдың он бес жылында жаңа мамандықтарды меңгердік. Бұрын-соңды болмаған жаңа істерді қолға алдық.

Желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Атырауға арнайы келіп, Алты Алаштың айбарына, қазақтың қуатына айналған Каспий қайраңындағы Қашаған кенішінің ашылу салтанатына қатысып, аймақ тұрғындарын жігерлендіріп, телекөпір өткізді.

Теңіз табанындағы Қашаған кенішінің ресми ашылуы – тек атыраулықтардың ғана емес, барша Қазақстан халқының ортақ қуанышы.

Еңбекқор, ерен де жігерлі жандардың арқасында 125 мың адам Атырауда жеке кәсіптерін ашып, шағын және орта бизнесті дамытып келеді.  «Табыстың кілтін ашамын» деген әр атыраулыққа жергілікті атқарушы билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Біз бұл бағытта жаңа жылда да қолдауды жалғастыратын боламыз.

Қадірлі атыраулықтар!

Жаңа жыл – Тауық жылы толайым табысты, ынтымақ пен ырысты болсын. Әр шаңырақ мерекелі шаттыққа, берекелі бақытқа бөленсін. Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!

Жаңа жылдарыңызбен, жерлестер!

Құрметпен, Нұрлан НОҒАЕВ,

Атырау облысының әкімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз