Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда әйел баласымен бірге Жайыққа секіріп кетпекші болды

Atr.kz/27 шілде, 2020 жыл. Атырауда бала ерткен әйел көпірден секіріп кетпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның «Батыс» аймақтық қолбасшылығына сілтеме жасап.

Оқиға 24 шілде түнгі сағат 00:30 шамасында болған. Ұлттық ұлан жауынгерлері Дмитрий Коваленко мен Нұрсейіт Құсайынов топ жетекшісі, кіші сержант Ерген Нұрғалиевпен бірге қоғамдық тәртіп күзетінде жүрген. Олар қараңғыда орталық көпірде тұрған әйел мен баланың сұлбасын байқап қалады. Сарбаздар бір сәтке де ойланбастан көпірге тұра жүгірді.

Сондай-ақ, бұл жағдай туралы әскери жасаққа хабарлап, полицияның кезекші экипажын шақырған. Кіші сержант Ерген Нұрғалиевтің батыл әрі әбжіл әрекетінің арқасында әйел көпірге секіру туралы ойынан айнып, ақылға келді. Олар әйелді баласымен бірге қауіпсіз жерге апарды. Құқық қорғау органдары қызметкерлері келіп жеткенше сарбаздар оны сабырға шақырып, тыныштандыруға тырысты.

Кейін белгілі болғандай, әйел Жайық өзеніне секіріп, суицид жасамақ болған. Мұның алдында оның үйінде отбасылық жанжал болған, содан кейін әйел осындай асығыс шешім қабылдаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button