Мәжіліс «Масс-медиа» туралы заң жобасын мақұлдады

img 2533 Жаңалықтар

Мәжіліс «Масс-медиа» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік органдардың БАҚ-тың ресми сауалына жауап беру мерзімін 7 күннен 5 күнге қысқарту нормасы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарапынан оң бағаланғанын айтып қалды.

«Заң жобасында «масс-медиа», «грант», «бірыңғай медиа платформа», «Журналистердің құқықтары туралы ұлттық баяндама» деген ұғымдар енгізіледі», – деді министр.

А.Балаеваның сөзінше, заң жобасында мынадай бағыттағы нормалар ұсынылып отыр:

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына қойылатын ескіру мерзімін үш жыл деп белгілеу;
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуларын қарауды жеті жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қысқарту;
  3. Журналистердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуы туралы ұлттық баяндаманы дайындау.
  4. Баспасөз картасын енгізу;
  5. Отандық телерадио хабар тарататын спутниктік операторлардың шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
  6. 2025 жылдан бастап республикалық деңгейде гранттық қаржыландыруға көшу;
  7. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою тетігін жетілдіру;
  8. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру.

Депутаттар да, министр де талқылауда айтылған түйткілдер мен ұсыныстарды екінші оқылымға дейін пысықтап, әрқайсысы бойынша ортақ шешім қабылдау туралы пайымға келді.

Kazinform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз