Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда АЭС құрылысының экологиялық аспектілері талқыланды

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде өткен «дөңгелек үстелге» оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы, ғалымдар мен студенттер қатысты. Олар мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында берілген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мәселелерді талқылады.

«Дөңгелек үстел» барысында АЭС-тің қоршаған ортаға әсері, ядролық қалдықтарды басқару, климатқа әсері және қауіпсіздік шаралары туралы маңызды мәселелерді ортаға салды.

-Атом электр станциясын салу көптен бері көтеріліп келе жатыр. Әркім әртүрлі пікірде. Бүгінгі электр энергиясы халықты жүз пайыз қамтып отыр деп айта алмаймыз. Қазір еліміз күннен күнге дамып, халық саны да көбеюде. Егер осы қарқында дамитын болсақ, онда бізге АЭС керек болады. Ол арқылы біз тапшылықты жойып, экономикалық жағдайымыз бен энергия қауіпсіздігін жақсарта аламыз,- деді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессоры Дүйсенбек Құлжанов.

Қатысушылар АЭС құрылысы мен оның экологиялық аспектілерін ескере отырып, Қазақстан үшін қауіпсіз әрі экологиялық тұрақты шешімдерді іздестіру қажеттігін алға тартты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button