Үздік полицейлер марапатталды

 Қазақстан полициясы күніне орай Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Жиынға сала қызметкерлері мен ардагерлері шақырылды. Оларды аталған департамент басшысының орынбасары, әділет полковнигі Данияр Туашев құттықтады.

 policia2 Заңдылық пен құқық тәртібіндегі жоғары еңбегі үшін бірқатар полицей «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» атағы мен департамент басшысының атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, айтулы датамен тұспа-тұс келген медицина, байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекелеріне байланысты дәрігерлер мен облыстағы БАҚ өкілдері де назардан тыс қалмады. Олардың ішінде әріптестеріміз – «www.atpress.kz» интернет ресурсының тілшісі Рахым Қойлыбаев, облыстық «Атырау» газетінің тілшісі Алтыншаш Құрмашева, «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Светлана Новак, «Мұнайлы Астана» газетінің тілшісі Гүлзада Қожабергенова Алғыс хат пен естелік сыйлықтарға ие болды. Шара соңы түзеу мекемелерінің мамандары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз