Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 45 жастағы Ресей азаматын ұстады

img 20210708 wa0015 Жаңалықтар

Атырауда Ресей Федерациясының мемлекетаралық іздеуде болған 45 жастағы азаматы ұсталды.

Ол Көші-қон полициясы қызметкерлерінің “Заңсыз келушілер-2021” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.


2021 жылдың мамыр айынан Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 157-бабы 1-бөлігі (ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды ұстауға қаражат төлеуден қасақана жалтаруы), мемлекетаралық іздеуде болған. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам шекара қызметіне тапсырылды.

  • Жедел іс-шара кезінде полицейлер құрылыс объектісінде болды. Береке ықшам ауданында Өзбекстан Республикасының 52 азаматы құжаттарсыз еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыратыны анықталды. Шетелдік азаматтар Атырау қаласы полиция басқармасының қабылдау – тарату орнына орналастырылды – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
img 20210708 wa0016
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз