Кімдердің жалақысы 20 пайызға өспек?

fa5f94d0d405084d4441d94ea5fc2928 1280x720 Жаңалықтар

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20%-ға арттыру басталады. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т. б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 591 мың азаматтық қызметшіге еңбекақыны көтеру әсер етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз