Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 4 мың азаматқа бір жолғы әлеуметтік көмек берілді

Атырауда өмірлік қиын жағдайға тап болған 4 мың азаматқа бір жолғы әлеуметтік көмек берілді.

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі хабарлады.

Атаулы әлеуметтік көмектер мен әр түрлі санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдерден бөлек, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың да жағдайы ескеріліп, оларға бір жолғы көмек берілді.

Нақтырақ айтқанда, 2021 жылы Атырау қаласы бойынша 2 096 адам анықталып, оларға жергілікті бюджеттен 137 млн 810 мың теңге бөлінді.

Ал, өткен жылы 1 046 адамға 68 млн теңге көмек берілсе, биыл соңғы бес айда 940 адамға 53 млн теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button