Атыраулықтарды енді онлайн түрде жергілікті бас полицейдің өзі қабылдайтын болады

img 20201126 wa0145 Жаңалықтар

Атырау облысының бас полицейі азаматтарды  қабылдады.

Бүгін, 26 қарашада Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасына сай, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Үмбетқалиев онлайн режимде азаматтарды қабылдады.

Аталған іс-шара облыс тұрғындарының заңнамалық, құқықтық мәселелерін шешуге және полиция қызметі бойынша халыққа кеңес беруге бағытталған. Қабылдауға келген азаматтардың  барлық мәселелер бойынша Қ.Б.Үмбетқалиев әрқайсысына  толық түсініктеме беріп, одан әрі шешу үшін департаменттің басқарма-бөлім басшыларына тапсырмалар берді.

Полиция департаментінде карантиндік шараларды сақтай отырып, азаматтарды осындай форматта қабылдау тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз