61357766 823113948071090 8732541091208757248 n

Атырауда 31 көпбалалы ана «алтын» және «күміс алқа» иегері атанды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Көпбалалы 7 әйел алтын төсбелгімен, 24 көпбалалы ана «күміс алқа» алды.

61506701 823113781404440 6089651927895769088 n

Қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Атырауда 1088 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 1559 әйел «күміс алқа иегері».

61625142 823113861404432 6796236544156893184 n

-Атырауда 287 батыр ана бар, 5 296 әйел 4 және одан да көп баланы тәрбиелеп отыр, – деді облыс орталығының тұрғындарын марапаттау рәсімінде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

61622151 823113914737760 1856048440266457088 n

Аймақта, Атырау облысының әкімі бастамасымен, көп балалы аналарға белсенді қолдау көрсетіліп жатқанын айта кету керек.

Осылайша, «Isker ana» жобасының екі кезеңге арналған кәсіптік оқыту курстарынан 204 әйел өтті, олардың 54-і өз ісін жүргізу үшін грант алды. Үшінші кезеңнің аясында тағы 100-ден аса ананы оқыту жоспарлануда.

Атырау облысынан 500-ден астам әйел «Isker ana» жобасына оқуға өтініш берді.

Дереккөз: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған