Үй жануарларынан 8 мыңға жуық сынама алынды

img 2389 Жаңалықтар

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Республикалық ветеринарлық зертханасы» Атырау облыстық филиалының басшысы Айжан Дәулетиярова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • Жыл сайын жануарлардың аса қауіпті ауруларына серологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зерттеулер жүргізіліп отырады.
    Осы жылдың 10 айында бруцеллез ауруына 237 633 мүйізді ірі қара, 694 942 қой-ешкі, 27 593 түйе малдары тексерілді. Нәтижесінде 190 мүйізді ірі қара, 767 қой-ешкі және 4 түйе малының талдауы оң нәтиже берді. Сонымен катар 4000 қой-ешкіден инфекциялық эпидидимитке тексеріліп, нәтижесі таза болды. Оған қоса жоғарыда аталған малдар сібір жарасына, қарасанға, пастереллезге, листериозға, брадзотқа және анаэробтық энтеротоксемияға тексеріліп, нәтижесі таза шықты,- деді А.Дәулетиярова.

Сонымен қатар, А.Дәулетиярова биыл облыстағы кожалықтарға мал өсіріп және көбейту мақсатында облыс аумағына көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Манғыстау және басқа да облыстардан мал тасымалданып жатқанын жеткізді.

-Тасымалданып жатқан малдардың сау екенін тексеру үшін түрлі талдаулар жасалады. Айталық мүйізді ірі қара малының қан сынамаларын бруцеллез, лейкоз, хламидиоз, лептоспироз, паратуберкулез, кампилобактериоз бойынша, ал қой-ешкіні бруцеллез, косымша инфекциялық эпидидимитке тексерсек, түйе малы бруцеллезге, ал жылқы малын киіңкі ауруына тексеріп, оң нәтиже шыққан жағдайда қорытындысы сол күні міндетті түрде инспекцияға жолданады,- деді ол.

img 2390

Осы жылдың 10 айында «Жануарлар ауруларының диагностикасы» зертханасы бойынша – 7 689 сынамаға 11 758 зерттеу жүргізіліп, оның ішінен 26 сынама, атап айтқанда: бруцеллезге – 21, хламидиозға – 4, лейкозға – 1 сынама оң нәтиже берген. Аудандық (қалалық) аумақтық инспекция мамандары оң нәтиже берген малдарға тиісті ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз