Құлсарылық тұрғын өз үйінде газбен уланды

screenshot 20220124 005445 Жаңалықтар

23 қаңтар күні сағат 18:12-де Жылыой ауданы Құлсары қаласы Нұрманов көшесіндегі жеке үйде үлкен кісі улы газбен уланған.

Шақыру орнына келген кезде, 1941 жылы туған қарт кісі орташа ауырлықтағы улы газбен улану диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылғаны анықталды.

Уланудың басты себебі жылыту пешінің ақаулығы болуы мүмкін деген болжам бар.

Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД-нің 1 қызметкері, «ЖылыойГаз»ЖШС-нің екі қызметкері мен бір техникасы шықты.

Атырау облысының ТЖД ескертеді: улы газбен уланудың алдын алу үшін тек жарамды пештерді пайдалану қажет!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз