Еркінқалада көліктер аударылды…

poropo Қоғам

23 тамыз күні сағат 20:20 шамасында 2002 жылы туылған азамат Lifan автокөлігін басқара отырып Еркінқала-1, 40-көше мен 11-көше қиылысында басып озу кезінде бір бағытта алдында солға бұрылып жатқан 1981 жылы туылған азаматшаның басқаруындағы Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Соққы екпінімен Lada Priora аударылып, Lifan жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora жүргізушісі облыстық ауруханаға жеткізілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз