Атырауда 25 мың отбасы баспаналы болады

«Бұл 2025 жылға дейінгі меже» деп хабарлайды Atr.kz

Бұл туралы Президент Қасым – Жомарт Тоқаев елордада өткен Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланған жиында айтты.

«3,5 миллион тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 25 мың атыраулық отбасы баспаналы болады» деп атап өтті Президент.

Еске сала кетелік, 2020 жылы Атырауда 836 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 904 мың шаршы метр үй қолданысқа беріледі деп күтілуде. Оның ішінде, 2000 пәтер әлеуметтік баспана болатындығын атап өткеніміз жөн.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов атап өткеніндей, қазіргі уақытта Атырау қаласында Талғайраң елдімекенінде тұрғын үй массивін ұлғайту жоспарда.

novostroyka jaiyk riverside 1


Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз