Атырауда дауылды ескерту жарияланды

fb img 1613557601280 1 Жаңалықтар

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ертең, 18 наурызда Атырауда қатты жел болатыны күтіліп отыр.

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 17 наурыз күнгі сағат 20:00-ден 18 наурыз күнгі сағат 20:00-ге дейін Атырау облысының аумағында қатты жел күтілуде. 18 наурызда Атырау облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метр болатыны күтілуде. Атырау қаласында 18 наурызда оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр күшті жел соғады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз