ШҰҒЫЛ! Атыраулық «бомба бар» деп жұртты әуреге салды…

izobrazhenie 2022 08 27 150610015 Қоғам

Маңғыстау облысында ер адам теміржол вокзалының полиция бөлмесіне келіп, сөмкесіндегі бомба туралы айтқан. Аталған дерек бойынша Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

1661571120.23.19 2

26 тамызда сағат 10:20 шамасында Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Маңғыстау станциясының ТЖ вокзалының полиция бөлмесіне белгісіз азамат келіп, сөмкесінде жарылғыш құрылғы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына желілік полиция бөлімінің басшылығы, кезекші прокурорлар шықты. Аумақты қоршау үшін полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Теміржол вокзалы ғимаратынан 37 адам эвакуацияланды, теміржол вокзалының аумағы қоршалды, сондай-ақ полиция қызметкерлері автожолдарды уақытша жауып тастады. Аумақты тексеру барысында, сондай-ақ сөмкеден жарылғыш заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

whatsapp image 2022 08 26 at 191702 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз