Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 160 орындық екі балабақша пайдалануға берілмек

Атырау қаласының Жұлдыз, Көктем мөлтек аудандарындағы 160 орындық балабақшалар пайдалануға беріледі.

Екі балабақша да «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынып отыр. Ғимараттардың құрылыс жұмыстары 2021 жылы желтоқсан айында басталған болатын. Жұлдыз мөлтек ауданы бойынша балабқшаның мердігер мекемесі «Егеменді-құрылыс» ЖШС болса, Көктем мөлтек ауданындағы балабақшаның мердігері «Диар и компания» ЖШС. Бір гектар жерге орналасқан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ауданы 1749,62 және 1584 шаршы метр.

Мұнда 160 балаға 7 топ қарастырылған. Әрқайсысы 20 баладан 2 жастағы кіші үш топ, 25 баладан 3 жастағы екі орта топ және 25 баладан 4-5 жастағы екі ересек топ. Балабақша заманауи үлгіге сай жасақталынған. Балабақша асхана, спорт алаңы, саз және спорт кабинеті, сонымен қатар балалар ойнайтын лабиринт құрал-жабдықтарымен қамтылған, — деді облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Айта кетейік, аталған балабақшалар жыл соңына дейін толықтай пайдалануға беріледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button