Қызылқоғадағы саябақты жөндеуге 177 млн теңгеден астам қаражат бөлінген

doddlld Жаңалықтар

Қызылқоға ауданының орталығындағы саябақ жаңғыртылуда. Миялы ауылындағы А.Сарбөпе атындағы саябақ күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған саябақты күрделі жөндеу үшін «Сала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 2 млн 125 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаты жасақталған.

Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықовтың айтуынша, «Ауылым алтын бесігім» атты бағдарлама аясында жөнделіп жатқан саябақтың құрылысын «SK Miras» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алып, биылғы сәуірден бастап өз жұмысын жасауды қолға алған.

– Саябақта жаңа өрнектастар төселіп, балалар ойын алаңы, әр түрлі демалыс орындары жасақталып жатыр. Әсіресе түнгі мезгілде түрлі түсті шамдар мен су бұрқақтар әдемі көрініс беретін болады. Күрделі жөндеу жобасын жүзеге асыру үшін 177 млн 647 мың теңге қаражат бөлінді, – деді С.Салықов.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары 15 маусымда толықтай аяқталады деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз