Халық қалаулысының Атыраудағы сапары жалғасуда…

img 20210708 wa0030 Жаңалықтар

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаевтың Атырау өңіріне сапарыодан әрі жалғасуда.

Ол Исатай ауданына сапарын аяқтап, келесі күні «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркіне» барды. Ондағы мамандармен жүзбе-жүз кездесті. Мазалап жүрген мәселелерін біліп, сұрақтарына жауап берді.

img 20210709 210348 501

Осыдан кейін депутат «Бірінші мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, шаруа қожалығының шама-шарқын байқады. Серіктестік бүгінде Атырау тұрғындарын сүтпен қамтамасыз етіп отыр. Мұндағы мамандар өнім беруші мүйізді ірі қараларына азық ретінде жүгері, люцерн, біржылдық судан шөбін (трава-суданка) өздері өсіріп отыр.

Иә, төрт-түлік малға жем-шөп дайындау жайы – бұрыннан осы аудандағы ең көкейкесті мәселелердің бірі. Сондықтан, аудан тұрғындары жыл сайын қажетті мал азығын көршілес облыстардан сатып алуға мәжбүр. Ендеше, бұл мәселе ешқашан күн тәртібінен түспек емес.

Өз кезегінде халық қалаулысы мәселенің мәнісін құжат жүзінде нақтылап, заң аясында оңтайлы шешу жолдарын қарастыру қажеттігін атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз