62 тұрғын үйдің ауласына жарық орнатылды

WhatsApp Image 2018 12 26 at 13.27.59 2 Жаңалықтар

Геолог ауылдық округте көшелерді жарықтандыру проблемасы белсенді түрде шешілуде. Жақында Геолог ауылында 62 үйдің аулаларында жарықдиодты шамдарды орнату жобасы аяқталды, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp-Image-2018-12-26-at-13.27.59-2

– Біз екі апта бойы үнемделген бюджет қаражаты есебінен аулаларды жарықтандыруды жүргіздік. Үйлерге шамдарды орнатуды ЖК «Бекжан» жүзеге асырды, – дейді Геолог ауылдық округінің әкімі Қуандық Жақиялиев.

Жоба шеңберінде 35 елу ватт және 75 ватт энергияны үнемдейтін электродтар сатып алынды. Олар үйлер мен әлеуметтік мекемелердің алдына орнатылды.

– 2018 жылы Геолог ауылдық округте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде бес көшені қамтитын 3,3 км көше жарықтандырылды. Жаңа жылда біз МЖӘ шеңберінде тағы 6 көше жарықтандыруды жоспарлап отырмыз, – деп түсіндірді Қуандық Жақиялиев.

Айта кетейік, «Атыраудағы көшелерді жарықтандыру желілерін салу және пайдалану» 2017 жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылады. 2019 жылы екі қосымша МЖӘ жобалары аясында 192 қалалық көшеге жарық беруді қамтамасыз ету жоспарлануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз