Жаңалықтар
Атырау су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысына көмек көрсету үшін қаржы жинап жатыр
Аtr.kz/5 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысы әкімдігі Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысының бірқатар ауылдарын су басуына байланысты, зардап шеккен түркістандықтарға қаржылай көмек беруге шақырады.
Көмек беруші атыраулық азаматтар үшін «Birgemiz-Atyrau» қоғамдық қоры жұмыс істейді. Қорға жиналған қаражат өз кезегінде Түркістан облысына жолданатын болады.
Қаржылай көмекті төмендегі реквизиттер арқылы көрсетуге болады:
«Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қоры
БИН: 200340026134
БИК: HSBKKZKX
КБЕ: 18
ИИК: KZ756010141000195651
Ағымдағы есеп шот
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
#túrkistanǵakómek #túrkistanmenbirgemiz #АtyraýdanTúrkistanǵa