Атырауда көктайғақты болдырмау мақсатында жұмыстар қарқынды жүруде

whatsapp image 2019 12 04 at 17.15.14 1 Жаңалықтар

Atr.kz/5 желтоқсан, 2019 жыл.  Қала көшелерін қардан тазарту үшін  арнайы техникалар шықты, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

«Арнаулы автобаза» ЖШС ақпараты бойынша, кәсіпорынның көлік паркінде қыс маусымында туындайтын жұмыстарды атқаруға барлық техника сақадай сай тұр. Қар жинайтын комбайн, күрек және щеткасы бар трактор мен су шайғыш көлік, шағын трактор, «Урал», «КамАЗ» жүк көліктері, тұзды ерітіндіге арналған суару күрегі, айналмалы қондырғы, барлығы 42 техника. 
Биылғы қысқы көктайғақпен күресу үшін кәсіпорын 300 текше метр құм, 400 текше метр тұз әзірлеген.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, республикалық және облыстық маңызға ие жолдар да маусымға дайын. 
– Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда жүргізушілердің жылынуына арналған 57 орны бар, олар дәрі-дәрмектермен, азық-түліктермен және ең қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Қыс мезгілінде ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою үшін жеке құрамның 663 қызметкері мен 283 техника бірлігі әзір, – деді, ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері Ерсін Мажитов.

whatsapp image 2019 12 04 at 17.15.16 3
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз