
Жаңалықтар
Атырау қаласында үй жануарлары қауіпсіз аймаққа көшірілді
Атырауда қаласының Еркінқала ауылдық округіне қарасты үй жануарлары қауіпсіз аймаққа көшірілді, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
Су тасқынына байланысты Еркінқала ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарына хабарламалар берілді.
Нәтижесінде 5 шаруа қожалығына қарасты ірі қара 107 мал басы, ұсақ 70 мал басы, 191 бас жылқы малы, 506 бас түйе қауіпсіз аумаққа көшірілді.