Енді қазақстандықтар FlyArystan лоукостері арқылы арзан бағада ұшып, саяхаттай алады

Bez nazvaniya Жаңалықтар

Аtr.kz/1 мамыр, 2019 жыл. Бұл туралы Atr.kz-ге «Самұрық-Қазына» компаниясының Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

Еліміздегі бірінші бюджеттік авиакомпанияны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостер іске қосты.
«Авиатасымал нарығында жаңа ойыншының пайда болуы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл лоукостерді құру туралы бастаманы Елбасы қолдады. FlyArystan қызметтері мен бағалары көп адамдар үшін әуе тасымалы қызметтерінің қолжетімділігіне және өңірлер арасындағы мобильділікті арттыруға бағытталған. Алғашқы билеттердің сатылымы жұршылық арасында өте үлкен қызығушылық танытты. Жұмысты осы қалыпта жалғастыру керек. Географиялық және ұшу қарқынының кеңеюі өңірлердің әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді»,- деп атап өтті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов салтанатты шара кезінде.

D3nqo87x


Сонымен қатар, «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостер енді қазақстандықтар лоукостердің көмегімен жиі және арзан бағаға саяхаттай алатынын атап өтті.
«Қазақстанның ішкі бағыттарымен қатар, біз халықаралық бағыттарда да жолаушылар тасымалының айтарлықтай өсуін күтіп отырмыз. Өйткені, уақыт өте келе, біз басқа елдерге де ұшуды жоспарлап отырмыз. Оған дейін біз бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді рейстерді ұсынуға дайынбыз және FlyArystan аймақтық экономиканың дамуына елеулі үлес қосатынына сенеміз»,- деді П. Фостер.
Атап өткен жөн, 2019 жылдың 29 наурызынан бастап FlyArystan компаниясы Алматы-Тараз-Алматы және Алматы-Орал-Алматы бағыттары бойынша билет сатуды бастады. Содан кейін, оңтүстік астанадан Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға, одан кейін Алматыдан Павлодарға және Шымкентке ұшатын рейстердің ашылуы туралы жариялады. Бірінші қазақстандық лоукостердің рейстеріне билеттерді flyarystan.com сайтынан таба аласыз.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз