Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

210215185023385e Жаңалықтар

Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Ерболат Умаров тағайындалды.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерболат Болатжанұлының жасы – 39-да. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлегі. Екі шет тілін меңгерген халықаралық құқық маманы. Еңбек жолын 2001 жылы заңгер ретінде бастаған. 2005 жылдан бастап сот органдарында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2009-2013 жылдары Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, 2013-2015 жылдары Мақат ауданының әкімі лауазымын атқарған. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы болған.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз