Тарихтан – тағылым

politsiya muzej 2 Жаңалықтар

Atr.kz/20 маусым, 2019 жыл. Биыл Атырау облысы ішкі істер органдарының тарихына арналған музейдің ашылғанына 19 жыл толды. 

Музей экспозициясы  облыста  ішкі істер органдарының алғашқы құрылуы сәтін бейнелейтін архивтік тарихи құжаттардан, қызмет атқарған басшылардың хронологиясынан басталады. 
Сонымен қатар, «Қызмет бабында қаза тапқандар» бөлімінің мұрағаты  1920 жылдардан басталған полиция қызметкерлерінің ерлігі  деректеріне толы.

Бандылармен шайқас жылдарында ерлікпен қаза тапқан Мұхамбетқали Сартовтың, Өмір Шыңғысовтың  қызмет жолдары музейге келген жас полицейлердің назарына ұсынылды. Музей меңгершісі Ерсайын Өмірұлы келтірген дерек бойынша милиционер Өмір Шыңғысов бастаған милиция отрядының жерленген жері 2018 жылы шілде айында анықталған. Өткен ғасырда бандылармен шайқаста қаза тапқан жеті милиционер бір жерге жерленген екен. 

«Ішкі істер органдарының  және ерлік жасаған полицейлердің  тарихына қызығушылық жастар санасындағы патриоттық сезімді нығайтады.  Полиция тарихын халық арасында кең көлемде насихаттау мақсатында 2018 жылдан бастап жылжымалы музей жұмысын ұйымдастыру қолға алынды» дейді Атырау облысы полиция департаменті музейінің меңгерушісі Ерсайын Өміров Ерсайын.

Майра СЕИТҚАЛИҚЫЗЫ

politsiya muzej 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз