Атырау облысының сыртқы сауда айналымы 10 млрд 863 млн АҚШ долларын құрады
Осы жылы Атырау облысының сыртқы сауда айналымы 10 млрд 863 млн АҚШ долларын құрады.
Бұл туралы облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Бекбаева мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыста шетел капиталының қатысуымен 1655 кәсіпорын тіркелген. Кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Атырау облысының сыртқы сауда айналымы 10 млрд 863 млн АҚШ долларын құрады және 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 85%-ға артқан. Оның ішінде экспорт 10 млрд 500 млн АҚШ долларын құраған.
—Атырау облысынан экспортталатын тауарлары негізінен: мұнай және мұнай өнімдері, күкірттің барлық түрлері, мұнай газдары, мұздатылған балық және тағы басқалар. Ал, импортталатын тауарлар: жемістер мен көкөністер, пластмассадан жасалған бұйымдар, санитарлық-техникалық өнімдер, киім-кешек және өзге де заттар, деді Қ.Бекбаева.
Айта кетейік, Атырау облысы 195 елмен ынтымақтасады.