Атыраулық кәсіпкер қонақүйін карантиндік стационарға берді

img 20200331 201115 190 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Атыраулық кәсіпкер қонақүйін карантиндік стационарға беру туралы шешім қабылдады.

62 орындық қонақ үйге Covid-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар уақытша орналастырылатын болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кәсіпкер Әлібек Семғалиев #бізбіргеміз жалпыұлттық науқанына қатысып, жергілікті билік органдарына коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұруға көмектесуді ұйғарған.

Атырау тұрғыны өзінің 2700 ш.м аумақты «Пекин» қонақ үйін карантиндік стационарға берді.

Қонақ үй 62 кереуетке есептелген, 30 тұрғын бөлмесі бар, уақытша оқшаулануға барлық жағдай жасалған. Мұнда қауіпті дертті жұқтырғандармен байланыста болған адамдар орналастырылады. Ғимаратты полиция қызметкерлері күзетеді, сондай-ақ қонақ үйдің аумағы мен тұрғын аудандарына үнемі дезинфекция жұмыстары жүргізілмек.

Бүгінде біздің еліміз қиын кезеңді бастан өткеруде. Осындай жағдайда кез-келген қазақстандық, қай қалада тұрса да отандастарына қолынан келген көмегін көрсетуі керек деп ойлаймын. Осы орайда, Атырау облысының кәсіпкерлерін бірігіп, #бізбіргеміз акциясына қатысуға шақырамын, – деді Әлібек Семғалиев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында 168 адам карантинде. Оның ішінде инфекциялық стационарда – 13 адам, провизорлық орталықта – 39 адам, карантиндік стационарда 116 науқас бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз