Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері бір күндік жалақыларын Арыстың зардап шеккен тұрғындарына аударады
Atr.kz/25 маусым, 2019 жыл. Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері, жергілікті атқарушы органдарға қарасты ұйымдар бір күндік жалақыларын Түркістан облысындағы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдікте атап өткендей, қиын кезеңде отандастарына қолдау көрсету – әрбір қазақстандықтың парызы.
- Арыста орын алған қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Еліміз үшін күрделі осы кезеңде баршаңызды бірлесуге және қолдан келгенше көмектесуге шақырамыз,- деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Атырау филиалында әскери қоймадағы жарылыс кезінде зардап шеккен Арыстың тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды.
Мұқтаж жандарға қажетті заттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 79а, «Nur Otan» партиясының ғимараты.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласу қажет:
+7 775 000 2885 Ринат, +7 775 363 7848 Динара