Даму тетігі – кәсібилікте

әлеумет Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік қызметшілерге қатысты 26 қылмыстық із қозғалды, әдеп этикасын бұзған 19 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

әлеумет

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының бастамасымен  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен семинар-кеңесте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның орындалу тәртібі кеңінен сөз болды. Оған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев пен аталған бірлестік филиалының кеңес мүшелері, сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты төрт инспекция қызметкерлері қатысты. «Дөңгелек үстел» форматында өткізілген шараны бірлестік филиалының төрағасы Оразғали Қаршегенов жүргізіп отырды.

– Қоғамның және мемлекеттің тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сыбайлас жемқорлықтың залалын түсіне отырып, оған  қарсы заңнамалық база қалыптастырылды.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекеттің күшін біріктіру, мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде азайту шараларын қамтитын кешенді стратегия қабылданды.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» мемлекеттік органдардың уәкілеттілігін белгілейтін мәртебесін, аталған саладағы қызметшілердің құқығы мен міндеттерін айқындап берді. Біз барлығында және әрқашан өзіміздің міндетімізге адал және кәсіби түрде қызмет етіп, жоғары мәдени қарым-қатынасты ұстануымыз қажет, – дейді департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Басқосу барысында кеңес мүшелері де өз пікірлерін ортаға салып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

– Атырау облысында мұнаймен қатар балық шаруашылығы да дамыған. Биыл ұйымдастырылған «Бекіре-2017» акциясы аясындағы тексеру нәтижелерінде осы салада көлеңкелі бизнестің қатысы бар жайттар  анықталуда. Бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Нақты деректерді жинап, мәселені аяғына дейін шешуге тырысамыз, – дейді «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғабдырахим Жаңбырбаев.

Ғабдырахим ЖАҢБЫРБАЕВ,

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз