Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырау облысының әкімі селекторлық жиында қандай жаңа міндеттер жүктеді?

Аtr.kz/26 сәуір, 2020 жыл. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен селекторлық жиын өтті.   

Жиында жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы маусымға дайындық барысы пысықталып, көктемгі егістік жұмыстары мәселесі қаралды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Тұхфатов 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысын баяндап, 2021-2022 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы туралы айтты.  

«Жағдай былтырғыдай емес, мұнайдың бағасы түсті. Қазір елімізде Төтенше жағдай, қалаға карантин енгіздік. Бұның бәрі бюджетке өз әсерін тигізеді. Сондықтан ақшаны тиімді жұмсауды тапсырамын» деді облыс басшысы. 

Сондай ақ, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен қала және аудандардың әкімдеріне облыстағы тұрғын үйлердің, әлеуметтік объектілердің қысқа дайын болуын толықтай қамтамасыз етіп, дайындық жұмыстарын кідіріссіз уақытылы жүргізіп, аяқтауды тапсырды. 

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаевтың сөзінше, Атырау облысы бойынша 2020 жылы егістіктің жалпы көлемі 9 222 гектарды құрайды деп болжанып отыр. Былтыр 8 933 га болатын. Олардың  2 668 га көкөністер, 1 182 га бақша,  2 040 га картоп, 3 332га мал азықтық дақылдар. Аудандар бойынша белгіленген осы егістік көлемдері жоспарларын орындау мақсатындағы жұмыстар атқарылуда.

whatsapp image 2020 04 25 at 05.44.14
whatsapp image 2020 04 25 at 05.44.15

Күні бүгінге облыс бойынша жоспарланған 8 300 га көлемдегі жер жырту жұмыстары толықтай атқарылды, егін егу алды агротехникалық шараларды атқару жалғасуда. Облыс бойынша егін науқаны климаттық ерекшеліктерге сәйкес 1 сәуірден 20 маусымға дейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта 1 286 гектар алқаптарға тұқым себілді.

Облыс әкімі Индер ауданында картоп егу жұмыстары мардымсыз, суару-суландыру жүйесі іске қосылмағанын, «Алғабас-Жорық» каналының жөндеу жұмыстарының аяқталмау себебін сұрады.  Құрманғазы ауданында мал-азықтық дақылдарды егу басталмаған, жұмыстардың жүргізілуі өте баяу екенін атап өтті.   

«Ауыл шаруашылығы азық-түлік тауарларын жеткізушілердің автомашиналарын карантин енгізілген қалаларға іркіліссіз өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру, өңіраралық бағыттардағы осындай жүктерді негізсіз кідіртуді болдырмау жөніндегі Президенттің нақты тапсырмасы бар» деген Махамбет Жолдасқалиұлы жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыровқа облыс аумағындағы шаруа қожалықтарының жеңіл көліктерімен блокпосттардан кедергісіз өтуіне, олардың қала ішінде өнімдерін тасымалдауына өткізу мәселесін қарастыруды тапсырды.  

Берілген рұқсаттардың уақытылы «Сергек» базасына жедел енгізілуін жеке бақылауға алуды, карантинге қарамастан, фермерлер және көктемгі егіс жұмыстарына тартылған басқа да адамдардың қызметіне қандайда бір кедергілер болмауын, жанар-жағармай материалдарының жеткілікті болуын бақылауға алуды, сондай-ақ каналдардың жағдайын назарда ұстау керектігін қадап айтты. 

«Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button