Жүректердің лүпілі жаңылмайды

Ж ректерд¦ л п¦л¦ Жаңалықтар

Облыстық кардиохирургия орталығында  жүрегінде кінәраты бар сәбилер мен балаларға да ота жасалады. Бұл туралы Астраханның жүрек-тамыр хирургиясы федералдық орталығы мен атыраулық дәрігерлердің басқосуында айтылды.

Ж__ректерд¦__ л__п¦л¦

Бұған дейін мұнайлы өңірде сәбидің жүрегіне ота жасау мәселесі өзекті болып келген еді. Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Ұлжан Хасанованың айтуынша, соңғы жылдары аймақта жүрегінде туабітті ақауы бар балалар қатары көбейіп кетті. Жүрек ауруы негізінен мерзімінен ерте туылған сәбилерде кездеседі. Олардың шала бала атануының негізгі себебі ата-аналардың жүктілікті алдын ала жоспарламауынан, экологияның әсерінен, дұрыс тамақтанбаудан болып отырғанын алға тартады мамандар. Перинаталдық орталықта жүрегі дертті болып дүниеге келген балаларға алдын ала неонатолог дәрігерлер көмекке келсе, заманауи қондырғылардың да пайдасы тиіп тұр. Алайда, көпшілігін Астана мен Алматы қалалаларына емдетуге жолдамамен жіберуде.

– Бір кездері Атырауда неонатолог мамандар жоқ еді, үш жылда оларды өзіміз оқытып алдық. Сондықтан, балалар кардиохирургтарын да  оқытсақ, күрделі оталарды өзімізде жасауға мүмкіндік аламыз, – дейді Ұ.Хасанова.

Балалардың кардиохирургия бөлімі облыстық кардиохирургия орталығы жанынан ашылады. Бас дәрігері Марат Қонысов «балалар жүрегін емдейтін бөлімді ашуда айтарлықтай қиындықтар болмайды» дейді. Оның үстіне қазір кардиохирургия орталығының ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Жаңадан нысан салу да жоспарланған. Қондырғылар да жеткілікті.

Ендігі кезекте кардиолог дәрігерлерді балалар кардиохирургиясына бағыттап оқыту, шеберлік сыныптарына қатыстыру жұмыстары қалып тұр. Оған көршілес Ресейдің ғалымдары құлшыныс білдіріп отыр. Астраханның балалар кардиохиругиялық бөлімінің бас дәрігері Михаил Плотников атыраулық медицинаның жан-жақты дамығанын алға тартып, өз кезегінде дәрігерлерге білгенін үйретуге дайын екенін айтты. Олар қыркүйек айында алғашқы шеберлік сыныптарын өткізеді.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз