COVID-19 DELTA-ШТАММЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ЖАСАЛАДЫ

2021 07 22 123952876900 Жаңалықтар

Pfizer мен BioNTech компаниялары бірлесіп COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина шығармақшы.

Фармацевтикалық компаниялар осындай ресми хабарлама жариялады. Жаңа препарат әлемнің 100-ге жуық елінде таралған коронавирустың delta-штаммымен күресуге арналған.

«Қазіргі екі компонентті вакцинаның үшінші инъекциясы COVID-19-дың барлық белгілі нұсқаларынан, соның ішінде, дельта-штаммынан «ең жоғары дәрежеде» қорғай алады» делінген хабарламада. Алайда, олар «препараттың жаңартылған нұсқасын жасауда», деп атап өткен ғалымдар.

Вирустың delta нұсқасы басым Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректерінен көрінгендей, коронавирусқа қарсы екпе алғаннан алты айдан кейін вакцинаның тиімділігі төмендегені тіркелген.

Мемлекеттік органдардың рұқсатымен жаңа вакцинаныңклиникалық зерттеулері тамыз айының басында басталуы мүмкін. Бұған дейін АҚШ денсаулық сақтау саласын реттеуші органдар Pfizer және BioNTech компанияларының тұрғындарды коронавирусқа қарсы қосымша екпе жүргізу туралы ұсынысынан бас тартқан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз