Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов журналистермен жүздесіп, еркін сұхбат берді
Atr.kz/4 тамыз, 2020 жыл. Әлемді жайлаған корона-вирус індетінің таралуы-на жол бермеу, медицина, білім салаларындағы қордаланған про-блемалар, халықты жұмыспен қамту, құрылысы жүріп жатқан жол және басқа да көкейкесті мәселелер Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өңір журналистерімен өткізген кездесуінде баяндалды. Басқосу сұрақ-жауап, еркін пікір алмасу сипатында өтті.
Азамат БАЗАРБАЕВ, «Атырау» газеті Бас редакторының орынбасары:
– Қазір әлем қауіпті індетке қарсы күресіп жатыр. Еліміз де наурыз айынан бері кешенді шараларды жүзеге асыруда. Өкінішке қарай, инфекция Атырауды да айналып өтпеді. Әңгімені осы бағыттағы жасалып жатқан жұмыстардан бастасақ…
– Сұрағыңыз түсінікті. Жыл басын-да елдің өзге өңірлерінде коронавирус індетіне шалдығушылар байқала бастады. Осы қауіпті сезініп, Атырау облысында оның алдын алу, таралуына жол бермеу жұмыстары ерте қолға алынды. Тиісті ша-ралар да жүзеге асты. Жасыратыны жоқ, бұл уақытта бізде карантиндік нысандар болмаған еді. Жатақханаларда дайындаған орындарымыз хаттамалық талаптарға сәйкес келмей қалды. Осы себептен Атырау қаласындағы жаңадан салынған «Береке» ықшамауданындағы жаңа екі тұрғын үйді нақты мақсатқа пайдалануға беру қажет деп шештік. Мұндағы 480 пәтер 260 адамды оқшауландыру үшін қажет еді. Қиын кезеңде жергілікті кәсіпкерлер де көмектерін көрсетіп, қонақ үйлерін ұсынды. Кейін та-лап өзгергеннен соң қажеттілік те азайды. Аталған тұрғын үйлердегі пәтерлер алдағы уақытта халыққа берілетін болады.
Алғашқы кезеңде ПЦР-тест жасау- да қиындықтар туындады. Небәрі 350 адамға есептелген жабдық, нысандардың қажеттілікті қамти алмайтыны анық еді. Сондықтан, шұғыл шараларды жүзеге асыруды қолға алдық. Соның нәтижесінде бүгінде оны 3600 келушіні қабылдай алатын деңгейге жеткізіп отырмыз. Сонымен қатар, облыста коронавирус инфекциясы бар-жоғын анықтайтын 8 тесттен өткізу орталығы жұмыс жасауда. Олардың қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне маңыз берілді.
Атырау облысында бұдан өзге, сырқаттарды емдейтін инфекциялық орындар санын күрт арттырдық. Облыстық аурухананың жанынан 400 орынды және аштық. Жағдай тұрақталған соң көп орынның қажет болмауына байланысты инфекциялық 200 орын жос- парлы науқастарды қабылдауға дайындалып, жұмысын бастайды. Қазіргі күні №2 облыстық ауруханада COVID-19 инфекциясы бар пациенттер үшін арнайы 180 орын дайындалды. Махамбет ауданындағы бұрынғы өкпе ауруханасын қайта жабдықтап, 100 адамға арналған орын әзірленді. Бұдан өзге, медицина, полиция салаларының қызметкерлері қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмек мәселесі де шешімін тапты. Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрақтандыру қорының қоймасын өзім барып тексеріп, бүгінгі жағдайды басты назарымда ұстап отырмын.
Бір сөзбен айтқанда, аймақтағы ахуал – толық бақылауда. Өйткені, біз үшін халықтың саулығы – мемлекеттің байлығы.
З у л ь ф и я И С К А Л И Е В А , «Ақжайық» газетінің тілшісі:
– Қиын кезеңде облыс әкімі лау а з ы м ы н а кел д і ң і з . О с ы н д а й қызметте қандай салаларды басым бағыт санайсыз? Кездесіп отырған қиындықтар және оларды қалай шешіп отырғаныңыз туралы айтсаңыз?
– Қызмет болғасын, қиындықтар да болады. Оның үстіне қазіргі кезең кімге де оңай тимеуде. Иә, жыл басындағы жағдай түбегейлі өзгеріп кетті. Соған қарамастан қызметтегі басты бағыттарды анықтап, жұмыс жасаудамыз. Өндіріс – экономиканың негізгі өзегі десек те, медицина мен білім беру салалары бүгінде алғы кезекке шықты. Бұл бағытта қордаланған мәселелер жеткілікті. Соған қарамастан алдымызға оны шешу үшін тактикалық, стратегиялық мақсаттар қойып отырмыз. Аталған салалардағы жағдайдың өзгеруі жедел шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Мәселен, орта және жоғары оқу орындарында оқушылар мен студенттер өткен оқу жылының соңына қарай қашықтан оқыды. Осы көрініс алдағы уақытта да қайталанбақшы. Мұндай жағдайда шараларды өз деңгейінде ұйымдастыру өте маңызды болады. Шәкірттерді қажетті компьютерлермен, интернетпен қамту жұмыстары да – кезек күттірмейтін мәселелер.
Бүгінде медицина саласына ауыр салмақ түсіп тұр. Оны шектен тыс деп те бағамдауға болады. Осы себептен ауруханалардың техникалық жағынан жарақтандырылуына, қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ерекше маңыз берудеміз. Қалыптасқан проблемаларды шешу жолдарын қарастырудамыз. Иә, екі сала да бұрыннан мамандарға зәру. Бұл – еліміздің өзге аймақтарына да тән құбылыс. Осы жағдай көп мәселеге әсер ететіні анық.
Қоғамдағы құбылыстар өнеркәсіптің де жұмысына әсер етті. Экономикалық байланыстар, логистикамен қамтылуда түрлі мәселелер туындады. Әйткенмен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, енді өмірдің барлық саласында өзгерістер болады. Тың шешімдер қабылдау қажеттігі туындады. Медицина, білім беру салалары қайта қаралады. Елді дамытудың стратегиялық жоспары жасақталуда. Дегенмен, мемлекеттің негізгі басым бағыттары бұрынғыша сақталатын болады.
Жәнібек ҒАЛЫМҰЛЫ, Атырау облыстық телеарнасының тілшісі:
– Коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша Атырау облысы рес- публикада алдыңғы орынға шығып кеткен күндер болды. Осы тұста жұрттың үрейленгенін де білеміз. Бізде анықталған адамдардың бір кездері көбейіп кетуін қалай түсіндірер едіңіз?
– Әр өңірдің өз ерекшелігі бар. Атырау – ел экономикасының өзегі саналатын донор төрт аймақтың бірі. Соған байланыс-ты айтсам, өңіріміздегі Теңіз кенішінде республиканың түкпір- түкпірінен келіп, еңбек ететіндер көп. Олардың бірқатары вахталық жұмысқа келіп жатса, екіншілері кетіп жатады. Сонымен қатар, Атырау облысы – жан басына шаққанда ең көп ПТР-тест өткізген аймақ. Пандемия басталғалы бері 160 мыңдай адам тест тапсырды. 100 мың тұрғынға шаққанда 24 856 адам тесттен өткен. Яғни, өңірдің әрбір төртінші тұрғыны деген сөз. Оның ішінде Теңіз кенішінде вахталық тәсілмен жұмыс істейтін адамдар бар. Мұның бәрі – экономика, өндіріс орындарындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалып отырған шаралар. Ауру санының күрт көбейіп кетуінің себебі – осы жағдайлармен байланысты.
А р з у Қ А РА Ш , « C a s p i a n News» Атырау облыстық тәуелсіз телеарнасының тілшісі:
– Пандемиядан қандай сабақ алдық? Біз оның екінші толқынына дайынбыз ба?
– Ешкім күтпеген індет бізге, жалпы әлемге үлкен сабақ болды. Қиындықтарға қарамастан, облыста қауіпті азайту үшін қамданыс жасалуда. Қазір біз ауруханадағы кереует санын көбейтуді емес, медициналық нысандардың қазіргі заманғы құрылғы-жабдықтармен қамтылуына, науқастарға оттегі беру жүйесін жолға қоюға бағыт ұстаудамыз. Мысалы, Жылыой ауруханасындағы орын саны бұрын 75 болса, енді оны 275-ке дейін көбейткелі отырмыз. Ол күнделікті өмірде негізгі қызметін атқара береді. Қажеттілік туса, қатерлі індетке шалдыққан науқастарды қабылдайды. Махамбеттегі аурухананың да материалдық жағдайы күшейтіледі. Ал, дәрі-дәрмек қорын жасақтау – күн тәртібіндегі басты мәселе. Облысқа үш аптаның ішінде тиісті көлемде препараттар жеткізілді. Тіпті, Атырау ӘКК арқылы бірнеше айға жететін дәрі- дәрмек қорын қалыптастырып жатырмыз. Осындай қажетті шараларды қауіпті кесел қайталанған жағдайға дайындық деп түсіндіруге болады.
З у л ь ф и я И С К А Л И Е В А : «Ақжайық» газетінің тілшісі:
– Пандемияға байланысты бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қысқартылды. Осының негізінде бюджеттің қаржысы қаншалықты үнемделді? Ол қандай мақсаттарға жұмсалады?
– Иә, бұл жағдай бізге біраз қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Олардың көбі әртүрлі іс-шаралар, көлік пен жиһаз сатып алмау арқылы үнемделді. Бүгінде бұл қаржының көлемі 4,8 млрд. теңгені құрайды. Бұдан өзге 947 млн. теңгені қысқарту жоспарланған. Қаражат ең алдымен індетке қарсы шараларға бағытталады. Біз бұл мақсатқа 2,3 млрд. теңге бөлгенбіз. Оның 770 млн. теңгеден астамы азық-түліктің тұрақтандыру қорына жұмсалды. Мектептерге бейнекамера, әжетхана жасақтау, компьютерлермен қамту жұмыстары басты назарда болды. Сонымен қатар, ИВЛ аппараттарын алу, қалыптасқан ахуалға байланысты өзге мақсаттарға да жұмсау көзделіп отыр.
Жәнібек ҒАЛЫМҰЛЫ:
– Көп уақытымыз ковидпен өтіп жатыр. Бірақ, басқа салаларда қанша қиын болса да жұмыс жүріп жатқанын көріп отырмыз. Ел экономикасына қомақты олжа салып отырған өңірдің өз экономикасының ахуалы қалай болып жатыр?
– Осыған орай жарты жылдағы өнеркәсіп өндірісін мысалға келтіруге болады. Бүгінгі жағдайға қарамастан мұнай мен газ өндірісі өткен жылмен салыстырғанда, 7 пайызға өсті. Шикізат өңдеу көлемі көбейіп, ауыл шаруашылығы саласы 2 пайызға ұлғайды. Алайда, коронавирусқа байланысы шағын кәсіпкерлік, қоғамдық тасымал, жүк тасымалдау секілді салалардың көрсеткіштері төмендеді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз көптеген бағдарламаларды өзгертіп, салаларға серпін беруді ойластырып отырмыз.
Арзу ҚАРАШ:
– Ж е р г і л і к т і а т қ а р у ш ы орындардың қызметін қамтамасыз ету қаржыға шаққанда қанша көлемде болып отыр? Осы мақсатта шығатын шығыстарды қысқартып, оны бірінші кезектегі міндеттерге жұмсаудың мүмкіндігі жоқ па? 2018- 2019 жылдары облыстық әкімдік жанындағы қосымша құрылысқа 6 млрд. теңге жұмсалыпты. Ол нысанға соншалықты шығындалудың қажеті бар ма еді?
– С ұ р а ғ ы ң ы з о р ы н д ы . Облысымыздағы жергілікті атқарушы орындардың қызметіне жылына 12 млрд. теңге жұмсалады. Биыл осы қаржының 1,4 млрд. теңгесі үнемделді. Ол жоғарыдағы атап айтқан негізгі басымдықтарға бағытталуда. Дегенмен, аймақтың қалыпты өмірін қамтамасыз ету үшін облысымыздағы жергілікті атқарушы орындардың қызметіне қаржы жұмсалады. Онысыз тағы болмайды.
Е л П р е з и д е н т і н і ң қ а з і р г і қалыптасқан ахуалға байланысты, әрі артық шығындарды азайту мақсатындағы тапсырмасына сәйкес, қымбат көлік, жайлы жиһаз алуға, түрлі басқосулар өткізуге тыйым салынды. Осы талаптың негізінде қаражатты үнемді пайдалануды басшылыққа алып отырмыз. Ал, облыстық әкімдік жанындағы салынып жатқан құрылыс туралы айтсам, ол алғашқыда 6 қабатты болып салынады деп жоспарланған. 2019 жылы жоба қайта қаралып, нысанды 8 қабатқа өсіру туралы шешім қабылданыпты. Соның негізінде құрылыстың сметалық құны алғашқы 7 млрд. теңгеден 13-15 млрд. теңгеге дейін өскен. Былтыр нақтыланған құны 15,7 млрд. теңгеге бір-ақ жеткен. Қазіргі күні 2 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалғаны белгілі болып отыр. Менің ойымша, қаржы шығысын осылайша өсіре берудің қажеттілігі жоқ еді. Дегенмен, құрылыс жұмысын орта жолдан тоқтата алмаймыз. Сондықтан, мен кем дегенде жұмсалатын қаражатты 30 пайызға дейін азайтуға тапсырма бердім.
Бүгінде мамандар шығын көлемін ішкі безендіру, жабдықтау жұмыстарының есебінен азайтуды мақсат етуде.
Азамат БАЗАРБАЕВ:
– Менің сұрағым халықты жұмыспен қамтуға қатысты. Облыс бойынша бұл бағытта қандай жұмыстар жасалуда?
– Жұмыс орындарын ашу, адам баласын жұмыспен қамту – жағдайдың қиындығына қарамастан, басты мақсатымыз. Қазір осы мәселеге баса назар аударылып отыр. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 23 566 адамды жұмыспен қамту көзделген, күні бүгінде 10 мың тұрғын жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 4592-і тұрақты жұмыс болса, 2070 адам жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша еңбекке араласты. Жақында қала, аудан әкімдерінің қатысуымен халықты жұмыспен қамтуға байланысты селекторлық кеңес өткіздік. Бұл мәселелердің барлығы сонда талқыға салынды. Қалай еткен күнде де адамдардың қамқорлықсыз қалмайтыны анық. Бұл бағыттағы іс- шаралар жалғасын табатын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА:
– Мектептер жаңа оқу жылына қаншалықты дайын? Нақты қанша 1 сынып (оның ішінде орыс тілінде оқушылар бар) ашылатынына қатысты мәліметтер келтіресіз бе? Сонымен қатар, орыс тілді мамандардың тапшылығы бар екендігі белгілі.
– Биыл бірінші сыныпқа 12 мың балдырған барады деп шамаланып отыр. Бұл дегеніміз – 582 сынып деген сөз, оның 128-і – орысша сынып. Маман тапшылығы білім ғана емес, өзге салаларда да бар. Бүгінде осы мәселені шешу үшін жұмыстанып жатырмыз. Биыл облысқа 110 жас маман келеді деп жоспарлануда. Соның 20-ы бірінші сыныптағыларды оқытады. Сіздің сұрағыңызға байланысты айтсам, мамандардың 8-і орыс тілді оқушыларға білім береді. Жаңадан 500-ден астам бірінші сынып ашылады.
Жәнібек ҒАЛЫМҰЛЫ, Атырау облыстық телеарнасының тілшісі:
– Білімге қатысты әңгімені жалғастырсам, биылғы оқу жылын оқушылар қашықтан оқумен бастағалы отыр. Облысымызда қанша мұғалім жетіспейді?
– Қазір облыс бойынша 497 педагог жетіспейді. Бұл проблема әлі де нақтылауды, жұмыстануды қажет етеді. Ал, қашықтан оқытуға байланысты мектептерді жабдықтау туралы айтсам, мамыр айында 1400 компьютер алынған болатын. Тамыз айында техникалық жабдықтың тағы 3 мың данасы жеткізіледі. Мұның бәрі жергілікті бюджет арқылы жүзеге асуда. Ал, орталықтың қаржысы есебінен жыл соңына дейін 18 мыңнан астам компьютер алынады.
Азамат БАЗАРБАЕВ:
– Жұрт Атырау – Астрахан жолының қайта құрылымдаудан тезірек өткізілуін асыға күтуде. Бұл жұмыстар қалай жүруде?
– Бұл жолдың аймақ, еліміз үшін ғана емес, одан да жоғары деңгейде маңызы бар. Халықаралық дәліз халықтың байланысына, экономикаға оң серпін береді деп күтілуде. Маңыздылыққа ие болғандықтан оның құрылысын үнемі бақылауымда ұстап отырмын. Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың Атырауға келген сапарында мұндағы жасалып жатқан жұмыстармен таныстық. Қайта құрылымдау жұмысы екі учаскеге бөлінген. Жол құрылысы шекара жағынан басталуы құптарлық шешім болды. Себебі, оның тұсында көптеген күрделі инженерлік құрылымдар бар.
Бірінші учаске бойынша жолдың 35 шақырымы асфальтталды. Екінші кезеңде айналма жол салу, өткелдер тұрғызу секілді жоспарлы жұмыстар жүзеге асуда. Құрылыс 2022 жылы аяқталады деп күтілуде.
Жәнібек ҒАЛЫМҰЛЫ:
– Атырауда өткен жылы апатты жағдайдағы 12 жатақхана бұзылып, тұрғындар жаңа пәтерге көшіріледі деген еді. Бірақ, құлағалы тұрған баспанадағылар әлі де бұрынғы күйін кешіп жатыр. Жатақхананың жабырқау тұрғындарын жаңа қонысқа көшіру қашан толықтай аяқталады?
– Бұдан бұрын аталған жағдайды Атырау қаласының басшылығымен бірге талқылаған болатынбыз. Қазір 12 жатақхананың екеуіндегі тұратындар көшірілді. Қалған он жатақхана тұрғындарын жыл соңына дейін көшіреміз деп жоспарлап отырмыз. Осыған қатысты құжаттарды рәсімдеу, толықтыру, келісімін алу секілді шаралар жүзеге асады.
Арзу ҚАРАШ:
– Атыраудың қоғам өкілдері экологиялық ахуалдың нашарлығы, ауаның ластануына қатысты Президентке Ашық хат жолдады. Соған байланысты Сіздің пікіріңізді білуге бола ма? Қазіргі күнде қанша сараптау орталығы жұмыс жасауда?
– Экология мәселесі мені де алаңдатады. Қоршаған орта тазалығы тек Атыраудың ғана емес, өндірісті өзге аймақ тұрғындарын да мазалаған ортақ проблема. Осы жердің экологиялық проблемалары маған жастайымнан таныс. Сондықтан, жұртшылықтың Ашық хат жазуын түсіністікпен қабылдаймын. Бұл мәселеге бір ортақ шешім керек. Біз осы саланың жақсаруына қолымыздан келгенше үлес қосамыз. Биыл Атырау қаласының сол жақ бөлігінде салынып жатқан кәріздік-тазарту ғимаратының құрылысын аяқтау көзделуде. Оның құны 9,9 млрд. теңгені құрайды.
Сол сияқты, Атырау қаласының оң жақ бөлігінде орналасқан кәріздік-тазарту ғимаратын жаңғырту бойынша жобалау- сметалық құжаттары жасақталып, сараптамаға жіберілді, жалпы құны – 21,4 млрд. теңге. Алайда, «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ының ескертпесіне сәйкес, несиелеу шарты бойынша жобаның құрылысы 12,0 млрд.теңгеден аспауы қажет болғандықтан, қазіргі уақытта жобалау- сметалық құжаттама қайта қаралуда. Кәріздік тазарту ғимараты мен кәріз желілерінің құрылысы үшін екі бөлек жоба әзірленуде.
Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігіндегі «Тухлая балка» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру бойынша қаланың иелігіндегі 476,2 гектарға қала әкімдігі жобалық-сметалық құжаттар (құны 193,2 млн.теңге) жасақтатты. Ал, Атырау мұнай өңдеу зауыты иелігіндегі 860 гектарды қалпына келтіру және зауыттың кәріздік суларын механикалық, биологиялық тазарту қондырғыларын жаңғырту мақсатында зауыт әкімшілігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесе отырып, «TAZALYQ» жобасы қабылданды.
Қазіргі уақытта механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту жобасына сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ал, биологиялық тазарту қондырғыларын жаңғырту және булану алаңын қалпына келтіру жобалары бойынша сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Зауыт басшылығы мен облыс әкімдігі арасында жасақталған Меморандум бойынша бұл булану алаңын қалпына келтіруді 2022 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Атырау қаласының оң жақ жағалау бөлігіндегі «Квадрат» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру (жобалық- сметалық құжаттамалары жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды, жұмыстың жалпы құны – 8,02 млрд. теңге.
Сонымен қатар, Атырау қаласының сол жақ бөлігінде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигон салу үшін «Промэкология» ЖШС-нің ұсынысы бойынша Атырау қаласы әкімдігі оған қаланың сол жақ бөлігінде жер телімін бөлу мүмкіндігін қарастыруда. Ал, қаланың оң жақ бөлігінде осындай полигон салу үшін инвестор іздестірілуде.
Жәнібек ҒАЛЫМҰЛЫ:
– Жыл сайын Жайық өзенінің арнасы тарылып, суы азайып барады. Трансшекаралық өзеннің тағдырына атыраулықтар бей-жай қарай алмайды. Ақ Жайықтың мәселесін шешуге қатысты қандай іс-шаралар жоспарда тұр?
– Бұл жағдай да қоғамды алаңдатқан мәселе екені анық. Дегенмен, оны екіге бөліп қарауға болады. Алғашқысы – қоршаған ортаның өзгеруі. Біз Жайық деңгейінің төмендеуін, трансшекаралас өзен болғандықтан, судың бастауында тұрған елден су келмеуінен көреміз. Ал, өзіміздің Мұғаджар тауынан бастауын алатын Жем, Ойыл өзендері де арнасы тарылып, үзік-үзік болып, су қоры күрт төмендеп барады. Сондықтан, қазіргі қалыптасқан жағдайды табиғи құбылыстардан бөлек алып қарауға болмайды. Әрине, шекара асып келетін өзеннің бастауындағылардың қосымша су қоймаларын салу, өзге құрылыс тұрғызу себептерін де жоққа шығару қиын. Ол да өзінің әсерін тигізуде. Бұл мәселелердің барлығы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамындағы су шаруашылығы комитеті осы мәселемен өзге тараптарды тарта отырып, бірлесе шешуі қажет.
О с ы б а ғ ы т т а к о м и т е т өкілдері Ресеймен ғана емес, басқа трансшекаралық өзендер бойынша келесі тараптармен жұмыс жүргізуде. Жалпы, суды реттеу – көршілес мемлекеттермен бірлесіп шешілетін мәселе. Біз де өзіміздің пікірімізді айтып отырмыз. Оған мұнайлы аймақтан сайланған депутаттар да араласуда.
Жайықтың жағдайы – өте күрделі мәселе. Осы өзеннің жағасында отырып, біз қолымыздан келген жұмыстарды ұйымдастыра білуіміз керек. Соның бірі – алдағы уақытта өңірдегі ірі Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Болашақ» секілді өндіріс орындарының кәріздік-тазарту нысанынан шыққан суды пайдалану жайы. Соның негізінде олардың Жайықтан су алу мөлшері айтарлықтай азаяды. Облыс аумағындағы өзендер арнасын кеңейту, түбін тереңдету жұмыстары да өте маңызды. Бұл балық қорының молаюына әсерін тигізеді. Қазірдің өзінде оның оң әсері байқалуда. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА:
– Демеушілік көмектің кеш таратылғаны жөнінде облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты. Көмек 25 маусымда түскен. Ол 17 шілдеде ғана таратыла бас- тапты. Осындай жағдайда барды пайдаланбай, аудандардағы ауруханаларға СИЗ және өзге жабдықтар сатып алудың қаншалықты қажеті болды? Керісінше, қаражатты үнемдеудің мүмкіндігі қарастырылмады ма?
– Бұл сұрақтың қоғамда кеңінен талқыланып жатқандығын білемін. Дегенмен, біз мұның себебін өзгеше түсіндірер едік. Қажетті жабдықтарды сатып алу – бір күннің шаруасы емес. Ол үшін тиісті құжаттамалық тәртіптерді орындаудың қажеттілігі бар. Барлық шаруа алдын-ала жоспарлануы қажет. Гуманитарлық көмек туралы сұрағыңызға орай баяндасам, ол жоспарланбаған көмек еді. Оның көлемі де жұрт айтып жүретіндей көп емес. «Келген жүк қоймада сақтаулы тұр. Артық ақша шығарудың қандай қажеттілігі бар?» деген сауалды орынсыз деп санаймын.
Медициналық қорғаныш құралдарын пайдаланудың өзіндік тәртібі бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы келген гуманитарлық жүктің бәрін есепке алады. Содан соң оны қоймаға сақтауға береді. Яғни, ешкім ештеңе жасырып отырған жоқ. Барлығы ашық. Қоймадағы дүние қажеттілікке сәйкес, таратылып беріледі. Ондай сұраныс туындамаса, жинақталып, азайтылмайтын қордың есебінде тұруы қажет. Мұның бәрі түрлі жағдайларға дайын болу үшін жасалып жатқан шаруалар. Ол тиісті заңдылықтар негізінде жүзеге асады. Дәл қазіргі сәтте оған сұраныс аз. Біз алдағы күндерді ойлауымыз керек. Мұның бәрі біз медициналық заттарды сатып алмаймыз дегенді білдірмейді. Біз сатып аламыз, болашақта да солай болады. Гуманитарлық көмекті де заңды түрде тіркеп, сақтаймыз. Бүгінде осы жағдайға байланысты прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдар мәселенің жемқорлыққа қатысы бар- жоғын тексере бастады. Менің ойымша, мұнда ешқандай заң бұзушылық байқалмайды.
Жәнібек ҒАЛЫМҰЛЫ:
– А т ы р а у ө ң і р і н д е а у ы л шаруашылығы өнімдері аймақтағы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сондықтан, көрші облыстардан азық-түлік тасымалдаймыз. Бұл жағдай пандемия кезінде тіптен күрделеніп, күнделікті тұтынатын заттар бағасы қымбаттап кетті. Биыл қыста атыраулықтарды арзан және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылады?
– А з ы қ — т ү л і к қ ау і п с і зд і г і н қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қолға алынды. Қазір қоймалардың мүмкіндігін арттыруға маңыз беріп отырмыз. Мысалы, осы жылы қоймалардың қуаты былтырмен салыстырғанда 8 мың тоннаға өседі. Жылыжайлардың аумағы бұрынғы 2 мыңнан 3 мың гектарға ұлғайтылуда. Біз қазірдің өзінде көкөніс жөнінен өз-өзімізді қамти бастадық. Дегенмен, картопқа сұраныс жартылай орындалуда. Азық-түлік қоры арқылы бағаның қымбатсуына жол берілмеуін қадағалаудамыз. Мұның бәрі – халықты қажетті азық-түлікпен қамту шаралары. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Бүгінгі әңгімені түйіндесем, осыдан бір-екі ай бұрын біраз жұрт «Ешқандай ауру жоқ. Мұның бәрі ойдан шығарылған. Науқас адамды көрсетіңдерші» деген пікірлер айтып жүрді. Осылай дегендер бүгінде індеттің аса қауіптілігіне көз жеткізіп отыр. Ал, қазіргі ахуал өте күрделі.
Атыраудағы карантин кезінде көпшілік оның талаптарын сақтады. Оған жеңіл қарап, режимді бұзғандар да кездесті. Соған қарамастан, тәртіп орындалып отырды. Дегенмен, мамыр айындағы жеңілдетілген кезеңде жұртшылық оған маңыз бере қоймағаны рас. Бірінің үйіне бірі қонаққа барды. Араласты. Той жасады. Бұл – тек Атырауда ғана емес, елімізде байқалған көрініс. Соның нәтижесінде, ауру қайтадан асқынып кетті. Соған орай айтайын, Үкіметтің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жиынға қатысушыларға екі слайд ұсынды. Мұнда бүгінгі жағдай анық көрсетілген болатын.
Мамандардың пікірінше, медицина саласы қауіпті індетті ауыздықтау бағытында қызмет етсе де, ауыр жүкті мойнына алып, жүйелі жұмыс жасаса да олардың аурудың таралмауына қосатын үлесі 30 пайыз екен. Әрине, дезинфекциялық, өзге шаралардың да маңызы зор. Дегенмен, дертті таратпауда бетперде кию – 30, арақашықтықты сақтау – 40 пайыз үлеске ие. Ал, осы талаптардың бірде бірі сақталмаса, бір науқас 5 күнде 3 адамға жұқтырады. Сырқаттардың саны 30 күнде 300-ге жетеді. Керісінше, сақтық шаралары орындалса, бір науқас 1 айда бір адамға ғана жұқтырады. Яғни, ауырғандардың тізбегін үзеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, еліміздегі карантиндік шараларды тағы екі аптаға созу туралы шешім алынды. Әрине, шектеу шаралары кезінде тұрғындарға үйде отыру, әсіресе, жазды күндері далаға шықпау оңай емес. Ол табысынан айырылған бизнеске, кірісі азайған, шығысы көбейген Үкіметке де қиын. Еңбек өнімділігі де азайып бара жатыр. Әйткенмен, мұның бәрі уақытша жағдайлар. Иә, қазіргі карантиндік шаралардың нәтижесінде елімізде оң динамика байқала бастады. Оны ұзартпай, қазір жеңілдетсе, ахуал бірден өзгеріп, аурулардың саны күрт көбейіп кетер еді. Бүгінгі жағдайға байланысты халыққа шыдам мен төзім керек дер едім. Көптеген адам жазып жатады: «табысымыз жоқ, үйден шығуымыз керек» немесе «шаруамыз бар», тағысын тағы дейді. Мұның бәрін түсінеміз. Алайда, қазіргі карантиндік шаралар адамдарды қинау үшін жасалып жатқан жоқ қой. Керісінше, жұртшылықты қауіпті індеттен сақтандыру үшін қолға алынуда. Әрбір адам алдымен өзінің, отбасының, ағайын-туысқанының саулығын ойлауы қажет.
Қазіргі жағдайда бизнес, дүкен болсын, өздерінің талап деңгейінде жұмыс жасайтынын көрсетуі керек. Оның қаншалықты қызмет ететіні тексеріледі. Содан кейін ғана олардың қызметіне рұқсат беріледі.
Бүгінде күрделі болып отырған мәселе – қоғамдық көліктің жайы. Тұрғындардан осыған қатысты шағымдар көп түсуде.
Дегенмен, мамандардың пікірінше, ауру жұқтыру қаупі жоғары орын алдымен – кинотеатр. Ұзақ уақыт бір ауаны жұтатындықтан, осыннан адам сырқатқа шалдығуы мүмкін. Содан кейінгі кезекте қоғамдық көлік, пойыз, тағы басқа тасымалдау құралдары тұр. Ендеше, осы мәселеге абай болған жөн. Тиісті тәртіптер сақталуы тиіс. Біз сол үшін жұмыстанып жатырмыз. Егер тәртіп орындалмаса, қоғамдық көлікті шығарып, кейін қайта тоқтатуға мәжбүр боламыз. Сондықтан, халықтың бүгінгі әрекеттерімізді түсіністікпен қабылдауларын сұрар едім. Журналистерге де осы өтінішті жолдағым келеді. Сіздердің сөйлеген сөздеріңізді, жазған жазбаларыңызды жұртшылық назар аударып, оқиды. Осындай сындарлы сәтте пайымды пікір білдірулеріңізді, орамды ой айтуларыңызды қалаймыз.
Қоғам түсіністік білдіреді, қажетті шараларды сақтайды деп сенім білдіремін. Сонда ғана тұрақты, қауіпсіз деңгейге жете аламыз.
– Уақыт бөліп, мазмұнды сұхбат бергеніңізге рахмет айтамыз.