Covid-19: Атырауда бір тәулікте 22 адамнан анықталды

21ec4931 5ebd 4be9 9660 c338037933c2 COVID-19: Соңғы поштадан...

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 22 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 18 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды, ал Жылыой ауданында – 2 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 10 адам емделді.

Қазір 190 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 104, екінші облыстық ауруханада – 5 пациент,

аудандық инфекциялық стационарларда – 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 47 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы- «жасыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз