ЖаңалықтарҚоғам
Атырау облысында елді-мекендердің бас жоспармен қамтылу көрсеткіші — 82%
«Облыстағы 127 елдімекенде бас жоспар әзірленген. Атырау облысында барлығы 155 елдімекен бар», деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы брифингте Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова мәлімдеді.
- Атырау облысы бойынша елді мекендердің бас жоспармен қамту көрсеткіші 82 % құрап отыр. Осы жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 7 елді мекеннің жобасы әзірленеді.
Атап айтар болсақ, Жылыой ауданы Қараша ауылы, Қызылқоға ауданының Бұхар және Кенбай ауылдарына жеңілдетілген бас жоспар және Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылының шығыс бөлігіне, Құрманғазы ауданының бірқатар ауылдарына егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жасалады, — деді Гүлбаршын Арыстанова.