Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдағы тәулікте облыста дауыл соғады.

24 мамырда Атырау облысының оңтүстік, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.

Облыстың солтүстік — шығысында, оңтүстігінде, шығысында соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Ауа райының нашарлауына байланысты құтқарушылар облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақыруда.

Әсіресе, су тасқыны қаупі күшейіп тұрған Махамбет, Индер бағыттарындағы тас жолмен жолға шығу өте қауіпті.

Айта кету керек, Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі әлі сақталуда, тасқын су қаупіне байланысты кейбір бағыттар бойынша автомобиль жолдары уақытша жабылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button