IMG 20170719 WA0006

Атырау облысында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа 29 млн теңге бөлінген

Жаңалықтар

Атырау облысында 2017 жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа 29 млн теңге бөлінді. Қаражат екі транш бойынша екі айдың ішінде игерілді, – деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

IMG-20170719-WA0006

Кəсіпкерлік жəне индустриалды-инновациялық даму басқармасы бизнесін дамыту үшін мемлекеттік грант алуға ниетті 59 кəсіпкердің өтінішін қабылдады. Мамыр айында бірінші транш бойынша 15,7 млн теңге игерілді. Конкурсқа қатысқан 45 кəсіпкердің арасынан конкурс комиссиясы мен Аймақтық үйлестіру кеңесі 8 жеңімпазды іріктеді. Мемлекеттік грант арқылы облыс аудандарынан 7 кəсіпкер, Атырау қаласынан бір кəсіпкер бизнестерін дамытуға қолдауға ие болды.
Маусым айында екінші транш бойынша 14 кəсіпкер мемлекеттік грант алуға конкурсқа түсті, нəтижесінде 7 жоба мақұлданып, 13,3 млн теңге игерілді. Қолдау тапқан бизнес жобалардың үшеуі аудан кəсіпкерлері, төртеуі Атырау қаласынан.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру нəтижесінде Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту орталығы, аяқ киім цехы, жартылай фабрикаттар шығару, қалдықтарды өңдеу цехы секілді аймаққа қажет басқа да маңызды жобалар дамитын болады.

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған