1 4 scaled

Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар саны 202 адамға жетті

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/5 мамыр, 2020 жыл. Коронавирус инфекциясының тағы  9 жағдайы Теңіз кенішіндегі жұмысшылардан анықталды, деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Штабтың мәліметіне сәйкес, тоғыз науқастың барлығы  – Теңіз кен орнында жұмыс істейтін  мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Атап айтқанда,  олар 1993, 1999, 1979, 1992, 1985, 1981 және 1999 жылғы сегіз ер адам, сонымен қатар, 1981 жылғы әйел адам.

Covid-19 анықталғанға дейін, науқастардың барлығы  бұрын  коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан.  Жұмысшылардан  сынама  алынып, нәтижесінде  олардың да инфекция жұқтырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.  Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған.
Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 202 адамнан COVID-19 індеті  анықталды.  Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны – 76.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған