COVID-19: Атырауда — тағы 60 науқас

201205002720822a3726601i COVID-19: Соңғы поштадан...

Өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 65 адам емделіп шықты.

   Атырау облысында өткен тәулікте 60 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
 Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 38 жұмысшыдан, Жылыой-2, Индер -1, Мақат -1, Құрманғазы ауданында 14 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 9-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 244 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  64 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 13,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 283 адам ем қабылдауда.

Еске сала кетелік, 17 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, өткен тәулікте Атырау облысында 65 адам коронавирустан емделіп шықты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз