106 адам дәстүрлі исламдық бағытқа оралды

714772 1442049381 Жаңалықтар

         Өткен жылы атыраулық дін мамандары жат ағымда жүрген 106 адамның дәстүрлі исламдық бағытқа оралуына ықпал етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Атырау облысы Дін істері басқармасының өкілі Қаһарман Мусаев мәлімдеді.

714772 1442049381

         Тағы бір жаңалық – өткен жылы қақтығыс аймақтарынан Атырауға үш жанұя әкелінді.

         «Отты нүктелерден» әкелінген отбасылардың кәмелетке толмаған он бір баласымен тұрақты түрде психолог, теолог мамандар жұмыс істеуде. Отбасыларға тиісті медициналық, жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілуде» дейді спикер.

         Дін атын жамылған экстремизмнің бүгінде әлемдік деңгейдегі нөмірі бірінші проблемаға айналып тұрғаны белгілі. Осы ретте құзіретті орган жат ағымдармен күрес мәселесін басты назарда ұстап келеді. Саладағы негізгі проблемалардың бірі – ел азаматтарының өз еркімен шет ел асып, күмәнді оқу орындарында білім алуы болып отыр. Қазіргі уақытта атыраулық 25 студент шетелдік күмәнді оқу орындарында жүр. «15 cтудент Мысырда,  9 студент Сауд Арабиясында, 1 студент Йеменде. Қазіргі таңда он студенттің ата-анасымен  профилактикалық жұмыс жүргізілді» деп түсінік берді спикер баспасөз-конференциясы барысында.

         Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз