ЖаңалықтарМедицина
Атырау облыстық ауруханасында 230 орындық инфекциялық стационар ашылды
Өңірде коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны өсуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы аптада Атырау қаласында аурушаңдықтың өсуіне байланысты резервтен 330 инфекциялық төсек- орын, Облыстық кардиологиялық орталықта 100 төсек және Атырау облыстық ауруханасында 230 төсек пайдалануға берілді. Бүгінгі күні облыс бойынша Инфекциялық орындардың жалпы саны 2 428 құрайды.
- Бұдан басқа, өңірде 310 төсекке арналған резервтік инфекциялық стационар, оның ішінде 20 реанимациялық төсек орын әзірленді.
Сондай-ақ, облыста 408 төсектік карантиндік стационар жұмыс істейді. Бүгінде карантиндік орындар бос тұр, — деді Қайсар Абдалиев.