Атырау мұнай өңдеу зауытында «Үздік маман» байқауы қорытындыланды
Атырау қаласында «Үздік маман-2024» байқауының зауыттық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Кәсіпорынның бас директоры Ғалымжан Жусанбаев үздік мамандарды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
Байқау 3 маусым мен 1 тамыз аралығында өтті. Екі ай ішінде қатысушылар өндірістегі технологиялық процестер бойынша теориялық және практикалық білімдерін, тыныс алу мүшелерін жеке қорғау құралдарын қолдану және алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Биыл номинациялар санының 9-ға дейін артқанын да айта кеткен жөн.
Байқау нәтижесінде үздік үштікке енген қатысушылар жыл бойына жалақыларына қосымша үстемақы алады, ал финалдық кезеңге шыққан үміткерлерге бір реттік сыйлықақы беріледі.
Әр номинация жеңімпаздарын зауыттың бас директоры, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер Рахымжан Жанғабылов, сондай-ақ бас директордың орынбасары – техникалық директор Олег Лызлов дипломдармен марапаттады.